Отырыс барысында тараптар ҰҚШҰ ауқымында ынтымақтастықтың әртүрлі бағыттары бойынша пікір алысуда. Үйлестірілген ақпараттық саясатты жүргізу, есірткі қаупімен күресте бірлескен шараларды жүзеге асыру мәселелеріне баса көңіл бөлінетін болады.
Отырыс қатысушылары Қазақстан аумағында өтетін ҰҚШҰ жедел үнқату ұжымдық күштерінің алдағы жатттығуларына әзірлік барысын талқылайды. Сондай-ақ тараптар құқық қорғау органдары мен арнайы қызметтер үшін кадрлар даярлау, жеңілдікті шарттармен арнайы техникалар мен арнайы құралдар жеткізу жөніндегі келісімдерді жүзеге асыру барысын қарайды.