Қазақстандық делегация Херсонда өтетін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кедендік қызмет басшылары кеңесінің 57-ші отырысын қатысады

АСТАНА. 10 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстандық делегация Украинаның Херсон қаласында өтетін ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кедендік қызмет басшылары кеңесінің 57-ші отырысын қатысады.

Бұл туралы бүгін елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлім етті.

«11 маусымда Украинаның Херсон қаласында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің кедендік қызмет басшылары кеңесінің 57-ші отырысы өтеді. Оған қазақстандық делегация да қатысады», - деді ол.

Ресми өкілдің айтуынша, отырыста кадрларды дайындау, кедендік бақылау және кедендік рәсімдер, сонымен қатар кедендік органдардың құқық қорғау бөлімшелері құзіретіне ықпал ететін басқа да мәселелер қарастырылмақ.