Қазақстандық делегация Мәскеуде өтетін ТМД Экономикалық кеңесінің 47-ші мәжілісіне қатысады

None
АСТАНА. Қыркүйектің 13-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Қыркүйектің 17-сі күні Мәскеуде ТМД Экономикалық кеңесінің 47-ші мәжілісі өтеді. Оған ҚР Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов бастаған қазақстандық делегация қатысады. Бұл туралы бүгін Астанадағы апталық брифингте ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Әбдірахманов айтты.

Оның сөзіне қарағанда, алдағы шараның аясында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық саладағы барыншы тиімді өзара әрекеттесуінің мүмкіндігін, сонымен қатар бірқатар құжаттардың жобаларын, соның ішінде ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігін арттыру тұжырымдамасын, ТМД-ға мүше елдердің өндірушілері ұсынған бәсекеге қабілетті өнімдердің жиынтық тізбесін талқылау, сондай-ақ ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің сауда саясатына шолу жасау жоспарланып отыр.