Қазақстандық делегация ОАР-да тонауға ұшырады - СІМ

None
АСТАНА. 12 қазан. ҚазАқпарат - Қазақстан мен Оңтүстік Африка Республикасы сыртқы істер министрліктері өкілдерінің келіссөздерінен кейін қазақстандық делегацияның бірнеше мүшесі тонауға ұшыраған оқиға болды, деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметі.

Преторияда (ОАР) Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Африка Республикасы сыртқы істер министрліктері арасында ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Сарыбай мен оның оңтүстікафрикалық әріптесі И.Ибрагимнің төрағалығымен жемісті консультациялар өтті.

Келіссөздерден кейін қазақстандық делегацияның бірнеше мүшесі тонауға ұшыраған оқиға болды. Дегенмен қазақстандық өкілдердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Делегация басшысы Қ.Сарыбай басқа машинада болды және бұл оқиғаға қатысқан жоқ.

Оңтүстік Африка Республикасының құқық қорғау органдары оларға жедел көмек көрсетті, олар тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде.

Бүгін қазақстандық делегация толық құрамында елге оралды.