деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.
Отырысқа Кеңеске мүше елдердің, Қосылған мүшелер, сондай-ақ бақылаушы елдер өкілдері қатысты. Қазақстан делегациясын Туризм және спорт министрі Темірхан Досмұхамбетов бастап барды.
Отырыс барысында әлемдік туризм үдерісі мәселелері талқыланып, 2010-2011 жылдарға арналған жалпы жұмыс жоспарының орындалуы қарастырылды, сондай-ақ ЮНВТО-ның Бас хатшысы Т. Рифаидың ұйым қызметі туралы баяндамасы тындалды.
Бас хатшы Кеңес назарына қайта қарастырылған Ақ кітаптың 89-шы сессиясында айтылған қажетті ескертулер мен ұсыныстармен толықтырылған жаңа нұсқасын ұсынды.
Сессия жұмысының барысында министр М. Досмұхамбетов ЮНВТО Бас хатшысы Т. Рифаимен және Иран Ислам Республикасының вице-президенті Хамит Багаимен кездесті және басқа елдердің ұлттық туристік әкімшіліктерінің өкілдерімен туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайту туралы келіссөздер жүргізді.