Финалда қазақстандық турнирдегі төртінші ракетка ресейлік Павел Котовты 7:5, 6:1 есебімен сүріндірді.
Евсеев грузиндік теннисші Александр Метревеллимен бірге жұптық сайыста турнир чемпионы атанған болатын. Шешуші сәтте Евсеев пен Метревелли ресейік Владимир Королев пен Денис Клоканы 5:7, 7:6, 10:6 есебімен сүріндірген еді.
Еске сала кетсек, бір апта бұрын да қазақстандық осындай турнирге қатысқан. Онда финалда ресейлік Иван Гаховты 6:4, 5:7, 6:4 есебімен ұтқан болатын.