Қазақстандық Денис Тен Cup of China қорытынды кестесінде төртінші орын алды

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Қытай астанасы Бейжіңде мәнерлеп сырғанаудан Гран-придің үшінші кезеңі - Cup of China аяқталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Қытайлық Янь Хан (245,62 балл) кезең жеңімпазы атанса, ресейлік Максим Ковтун (238,65) екінші , жапондық Такахико Козука (226,92) үшінші орын алды.

Қазақстандық Денис Тен 224,80 нәтижесімен төртінші сатыға тұрақтады.

Мәнерлеп сырғанау. Гран-при. Үшінші кезең. Cup of China. Бейжің (Қытай)
Ерлер. Қорытынды кесте.

1. Янь Хан (Қытай) - 245,62
2. Максим Ковтун (Ресей) - 238,65
3. Такахико Козука (Жапония) - 226,92

4. Денис Тен (Қазақстан) - 224,80.