Қазақстандық десантшылар халықаралық армия ойындарына қатысады

Фото: None
ПСКОВ. ҚазАқпарат - V халықаралық армия ойындарының «Десанттық взвод» конкурсына қатысатын әскери қызметшілері Ресей Федерациясының әскери атағы шыққан Псков қаласына келіп жетті, деп хабарлайды ҚазАқпара «Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, қазақстандық команда Псковқасоңғылардың бірі болып келді. Десантшылардың тасымалыАлматы-Ақтөбе-Чкаловск-Псков бағытымен өтті. Сайысты ұйымдастырушылар қазақстандықкоманданы ерекше көңіл мен жылу жүзбен қарсы алды. Отандық десантшыларды сайысөтетін 76 гвардиялық десанттық-шабуылдаушы дивизияның үй-жайына қоныстандырды.

Әскери қызметшілер су жаңа казарманың үй-жайларында орналасты. Іштеқару сақтау бөлмесінен, киім жуатын машиналарға дейін керек-жарақтың барлығыбар. Десантшылардың көңіл күйлері өте жақсы. Ертеңгі күні олардымәдени-танымдық серуен мен бірінші жаттығулары күтіп тұр.

Қазақстандық әскери қызметшілерді күтіп алған дивизия командирініңорынбасары полковник Роман Самохин осы сайысқа қазақстандық десантшылардыңқатысуы сайыстың дәрежесін көтеріп, мәртебесін асыратынын жасырмады. Себебі,біздің десантшылар посткеңестік елдердің ішінде ең мықтылардың бірі болып танылған.

«Биылғы жылғы V халықаралық армиялық ойындар 3-17 тамыз аралығында, 10елдің аумағында өтетін болады. Олар: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран,Үндістан, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ресей мен Өзбекстан. «Десанттық взвод»конкурсына ұзын саны 20 елдің өкілдері қатысатын болады»,-делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар