НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық әскери қызметшілер – «АрМИ-2019» аясындағы «Десанттық взвод» байқауы халықаралық кезеңінің қатысушылары Псков жерінде парашютпен таныстырылымдық секіруді орындады. Бұл жөнінде Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Таяуда «Взвод құрамында десанттау, жергеқону алаңындағы жиын, 10 шақырымға жүгіру» алғашқы кезеңіне дайындық шаралары шеңберінде байқау қатысушылары әуе-десанттық кешеннің снарядтарындақарғу алдындағы жаттығу өткізді. Оның барысында байқау қатысушылары әртүрліжағдайлардағы және жерге қону кезіндегі десантшылардың іс-қимылдарын пысықтады.Взвод армиялық авиацияның үш Ми-8 тікұшағында бөлімше құрамында секірді.
Қарумен толық жарақтандыруда ойынға қатысушы21 елдің өкілдері секірді. Бөлімше құрамындағы десанттау сайысқатүсуге тура келетін парашют жүйелерін қолдана отырып, 600 және 800 метрбиіктіктен жүргізілді. Алаңға қонғаннанкейін команда берілген бағдар бойынша 10 шақырым жүгірді.
Естеріңізге сала кетсек, биыл Армия халықаралық ойындары бесінші рет өткізілуде. Ойынның ауқымы 10 мемлекеттің, яғни, Ресей, Әзербайжан,Армения, Беларусь, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Моңғолия және Өзбекстанныңаумағына жетті. Шараға 30-дан аса елден 6 мыңнан аса әскериқызметші қатысады.