Бұл туралы Народныя навіны Віцебска хабарлады.
Еске сала кетейік, байқаудың алғашқы күні Димаш 89 ұпай жинаған, 12 шілдеде ол 86 ұпайға ие болды.
Екінші концертте қазақ әншісімен бірдей ұпай белорусьтік Валерия Грибусоваға бұйырды. Бойжеткен алғашқы күні 85 ұпайға ие болғандықтан, жалпы есепте оның еншісінде 171 ұпай бар.
Атап өту керек, «Витебсктегі славян базарының» 24 жылдық тарихында қазақстандық әншілер бас жүлде түгілі бірінші сыйлыққа да ие бола алмаған.
Байқау жеңімпазы мен жүлдегерлеріне дипломдар мен сыйлықтарды ұсыну марапаты бүгін,13 шілдеде «Славян базарының» жабылу салтанатында өтеді. Шараға Беларусь президенті Александр Лукашенко қатысуы күтілуде. Витебскіде мемлекет басшысының келуіне арналған дайындықтар басталып кетті.