Қазақстандық дипломат «Oslo Triathlon» жарысына қатысты

Фото: None
ОСЛО. ҚазАқпарат - Норвегиядағы Қазақстан Елшілігінің кеңесші-уәкілі Талғат Жұмағұлов «Oslo Triathlon» дәстүрлі жарысына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Биыл бұл сайысқа 1,5 мыңға жуық адам қатысты.Норвегия астанасының солтүстігіндегі Сонгсван көлінің аумағында болғанжарыста Норвегиядағы ҚазақстанЕлшілігінің кеңесші-уәкілі Талғат Жұмағұлов та бақ сынады.

«Қазір Ослода ауа райы салқын болғанымен, көлдің суыжылы болды», - деді дипломат.

Аты айтып тұрғандай, «Oslo Triathlon» жарысы 1500метрге жүзу, 40 шақырымдық веложарыс, 10 шақырымға жүгіру сайыстарынбіріктіретін дәстүрлі олимпиадалық кезеңнен, 750 метрге жүгіру, 23 шақырымдық веложарыс, 5 шақырымға жүгіру«спринтінен» және 400 метрге жүзу, 10 шақырымдық веложарыс және 2,5 шақырымғажүгіру «суперспринтінен» тұрды. Сондай-ақ, эстафета мен балаларға арналғанарнайы триатлон сайысы да ұйымдастырылды.

«Oslo Triathlon» норвегиялық триатлондағы ең көнетурнир саналады.

Соңғы жаңалықтар