Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Көрнекті тұлғаға құрмет көрсете отырып, дипломаттар оның шығармашылығының арқасында Пушкин, Лермонтов, Гёте, Байрон, Шиллер және басқа да әлемдік мәдениет өкілдерінің шығармалары қазақ тілінде «сөйлегенін» атап өтті.
«Іс-шара аясында Елшілік қызметкерлері Абайдың Қара сөздерін оқып, оның «Желсіз түнде жарық ай» әнін шырқады»,-делінген хабарламада.