Өзбекстандағы ҚР Елшілігінің хабарлауынша, Жеңіс күніне арналған шаралар 8 мамырда басталды, сол күні Өзбекстан Республикасының Президенті Ислам Кәрімов өзбек үкіметінің және дипломатиялық корпустың мүшелерімен бірге Ташкенттің орталығындағы Еске алу алаңында орнатылған «Азалы ана» монументіне гүл шоқтарын қойды.
Сол күні Волгоград мемориалдық қорымындағы «Бауырластар зираты» кешенінде Жеңістің 71 жылдығына арналған гүл шоқтарын қою салтанатты шарасы өтті. Шараға дипломатиялық миссиялардың басшылары, ресми және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және БАҚ өкілдері қатысты.
Сол жерде қазақстандық дипломаттар Кеңес одағының Батыры, тұңғыш қазақ генералы Сабыр Рахымов бюстіне гүл шоқтарын қойды.
Құрмат Самархан