Қазақстандық дипломаттардың өз мерекесі белгіленді

Фото: None
АНА. Шілденің 1-і. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелердің тізімін толықтыратын Жарлыққа қол қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы қаңтардың 20-сындағы №3827 Жарлығына енгізілген толықтыруға сәйкес, шілденің 2-сі Дипломатиялық қызмет күні болып белгіленді.

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшіне енеді.