Қазақстандық дизайнер Дубайда 2016 жылдың күзгі коллекциясын таныстырды (ФОТО)
00:12, 05 Сәуір 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дубайда өткен «Fashion Forward Dubai» сән апталығында қазақстандық дизайнер Салтанат Баймұхамедова «Salta» брендінің күзгі коллекциясын таныстырды.
Салтанат «Fashion Forward Dubai» сән апталығының 7 маусымына арнап жасаған 20 үлгіні көрсеткен. Оларды жасау үшін дизайнер 80-нен астам киім мен аксессуар пайдаланған.
«Бұл көрсетілімге киім тігерде Салтанат Тибет халқының этникалық костюмдерінен шабыт алды деуге болады. Алайда, Салтанаттың басты мақсаты - еуропаның минимализмін шығыстың сезімталдығымен араластыру еді. Сондықтан да, 2016 жылдың күзкі коллекциясына ақ, қара және алтын жалатылған сұр түстер өң берді», - деді ҚазАқпарат тілшісіне «Salta» брендінің қызметкері.
Жалпы, Дубайдағы сән апталығы Таяу Шығыс елдері үшін сән әлеміндегі басты оқиғаның бірі болып саналады.