деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Барлық ТМД елдерінің дизайнерлері қатысқан байқауда әр үміткер өз елінің этникалық ерекшелігін көрсетуге тырысты. Оған мен өзімнің "Жібек жолы" коллекциямды алып бардым. Бұл бірден көзге түсті. Түрлі ою-өрнегіміз бейнеленген ұлттық нақыштағы бұйымдар мен әсем тастардан, күмістен жасалған "Өңір жиек" топтамасы өзіндік ерекшелігімен сарапшылардың жоғары бағасына ие болды", дейді Жадыра Сахиева. Оны "Орыс бейнесі" байқауының қазылар алқасының төрайымы Татьяна Михалкова Ресей астанасында байқау жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде атап өткен.
"Азия - бұл қайталанбас жәдігерлер мен таң қаларлық құндылықтар мекені. Бұл аймақтан келген жандар ерекше болып келеді. Жадыра да солардың бірі екендігін дәлелдеді. Ол Қазақстанның этникалық ерекшелігін танытатын киімдер мен бұйымдарды жаңа заманның талабына сай әрлей білген. Бұл дамудың көрінісі", деген пікір білдірді дәстүрлі өнер байқауының бас сарапшысы Т. Михалкова.