Дмитрий Баландин екінші жартылай финалдық жүзу кезеңінде қашықтықты 59,39 секундта бағындырды.
Алғашқы жартылай финалда үздік нәтижені оңтүстікафрикалық Кэмерон ван дер Бург (58,49) көрсетсе, екіншісінде британиялық Адам Пити (58,18) топ жарды.
Бұл қашықтықта жүзу финалы тамыздың 3-і күні өтеді, деп жазады Аламан порталы.