Беделді додадан қазақстандық спортшылар жүлдемен оралды.
Master 2 дивизионында (қызыл белдік) Айдар Махметов, Master 5 дивизионында (қызыл белдік) Александр Ким, Master 4 дивизионында (көк белдік) Әділ Махат, Master 2 дивизионында (ақ белдік) Ойрат Махметов Rome Open чемпионы атанса, Master 1 дивизионында өнер көрсеткен Санат Шапашов, Асан Жүнісов және Мәлік Хасенов, сондай-ақ әйелдер арасында Мөлдір Мекенбаева қоланы қанағат тұтты.
Екінші күні өткен Еуропа чемпионатында Әділ Махат алтын, Мөлдір Мекенбаева күміс және қола медальдарды жеңіп алды, сондай-ақ Master 1 дивизионында Дархан Какенов те Еуропа чемпионатының қола медалін иемденді.