НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Нұрзат Сәлімбаев Мажарстанның Пакс қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан Еуропа кубогы жарысында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткендей, аталмыш додаға 27 елден 413 спортшы қатысуда. Жарыстың алғашқы күні 66 кг салмақта күрескен Н.Сәлімбаев жүлдеге ілікті. Ол жұбаныш финалында чехиялық Жан Свободаны таза жеңді.
Сондай-ақ қазақстандық жас татами шеберлері Жанасыл Әнуаров (73 кг) пен Мөлдір Нарынова (70 кг) турнирді бесінші орынмен аяқтады.
Еуропа кубогы жексені күні мәреге жетеді.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).