НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Елдос Жұмақанов дзюдодан Будапеште өтіп жатқан Гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Елдос 66 кг салмақта төрт бірдей қарсыласын ұтып, финалғадейін алқынбай жетті.
Аса тартысты өткен соңғы бәсекеде моңғолиялық ХерленГандболтқа есе жіберді.
Гран-при турнирі сенбі күні де жалғасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елдос Сметовтің Будапештеалтын алғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).