НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Ғұсман Қырғызбаев Тель-Авив қаласында өтіп жатқан «Үлкен дулыға» турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық дзюдошы 60 келіге дейінгі салмақтағы қола жүлде үшін бәсекеде украиналық Артем Лесюкті вазари ұпайымен тізе бүктірді.
Дода барысында Ғ.Қырғызбаев бразилиялық Аллан Кувабараны жеңді. Ширек финалда әзірбайжандық Давуд Маммадсойға есе жібергенімен, жұбаныш белдесуінде татами иесі Мата Коколаевты қапы қалдырды.
Бұл - қазақстандық дзюдошылардың жаңа жылдағы осындай байрақты бәсекедегі алғашқы жүлдесі.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).