60 келі салмаққа дейінгі Гран-При жеңімпазы Құсман Қырғызбаев 9 сатыдан 7-ге көтерілді. Күміс медаль иегері Ерлан Серікжанов (66 келі) 85-тен 48-ге көтерілді. Қола медальді дзюдошы Бекәділ Шәймерденов (73 келі) 266-дан 73-ке көтерілді.
Еске сала кетейік, Мароккода өткен жарыста қазақстандық спортшылар 1 «алтын», 1 «күміс» және 1 бір «қолаға» қол жеткізген еді.