Ол финалға дейін тунистік Олфа Сауодиді, жапониялық Ами Кондоны, кубалық Дайарис Альваресті жеңді. Ал жартылай финалда бельгиялық Чарлин Ван Сниктен басым түсті.
Финалда Галбадрах Отгонцэгцэг бұрынғы командаласы Моңғолия құрамасының мүшесі Мунхбат Уранцецегті юко әдісімен жеңді. Екі спортшы осыған дейін үш рет кездесіп, барлығында Мунхбат жеңіске жеткен еді.
Бұл - Галбадрах Отгонцэгцэгтің Гранд Слам жарыстарындағы алғашқы алтыны. Ол осыған дейін Джеджуде өткен Гран-При жарысында алтын, Ташкент пен Цинбаодағы сында қола алған.
Париждегі жеңісі үшін Галбадрах Отгонцэгцэг рейтингіне 500 ұпай қосты. Ол енді 23-орыннан 16-орынға көтеріледі.