НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Нұрқанат Серікбаев Алматыда жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, Н.Серікбаев 50 келіге дейінгі салмақта үздік шықты.
Ол финалда франциялық дзюдошы Валадиер Пикард Ромайнды жеңді.
Сондай-ақ жасөспірім қыздар арасында Әлима Жұмағалиева 40 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ие болды.
Дүниежүзілік дода 29 қыркүйек күні мәреге жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Алматыда жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты басталғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).