НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық Шерзод Давлатов Италияның Ольбия қаласында дзюдодан жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, алматылық Ш.Давлатов 60 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін бәсекеде өзбекстандық Камолиддин Бахтиёровпен татамиге шықты.
Шерзод қарсыласын иппонмен таза жеңді.
Ш.Давлатов ширек финалдық белдесуде грузиялық Георгий Сардалашвилиге жол берген еді. Дегенмен сосын жұбаныш бәсекесінде ресейлік Абу-Муслим Парчиевтен айласын асырды.
Жастар арасында әлем біріншілігі 10 қазанға дейін созылады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).