АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатқан дзюдодан әлем чемпионатында балуандар 13 қазанда командалық сайысқа қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Командалық сайыс аралас түрде өткізіледі. Онда ерлерден 3, әйелдерден 3 салмақта балуандар ел намысын қорғайды.
Қазақстандық балуандар алғашқы айналымда Нидерланд құрамасымен кездеседі. Жеңімпаз құрама жарыстың келесі сатысында Жапониямен шеберлік байқасады.
Олардан басым түскені финалға жолдама алады.
Ал жеңілген құраманың жұбаныш белдесуіне қатысуына мүмкіндігі бар. Жұбаныш белдесуінде жеңгені қола жүлдеге таласады.
Командалық сайыста ерлерде Данияр Шәмшаев пен Асқарбек Ғайнуллин (екеуі де 73 келі), Дидар Хамза мен Ерсұлтан Мұзафаров (екеуі де 90 келі), әйелдерде Севара Нишанбаева (57 келі), Есмигүл Куюлова мен Анастасия Маякова (екеуі де 70 келі), Кәмила Берліқаш (78 келі) ел намысын қорғайды.
Еске салсақ, 12 қазанда қазақстандық балуандар жекелей сында жарысты аяқтады.
Фото: olympic.kz
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.