Қазақстандық дзюдошылар Азия кубогын төрт алтын медальмен қорытындылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтау қаласында дзюдодан Тұрар Жолдыбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогы мәреге жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан дзюдофедерациясы мәлім еткеніндей, Қазақстан құрамасы жарыс қорытындысында 4 алтын,2 күміс, 10 қола медальді жеңіп алды.

Жалпыкомандалықесепте 7 алтын, 8 күміс және 10 қола жүлдемен Ресей құрамасы көш бастаса,қазақстандықтар екінші орында. Оңтүстік Корея 2 алтын, 3 қоламен үшінші орынғаілікті.

ТурниргеӘзербайжан, Гонконг, Иран, Қазақстан, Оңтүстік Корея, Қырғызстан, Моңғолия,Ресей, Испания, Тәжікстан және Өзбекстан, барлығы 11 елден 175 татами шеберіқатысып, бақ сынады.

Жарыстың екіншікүні Қазақстан құрамасынан Виктор Демьяненко (100 кг) чемпион атанды. Сондай-ақ Зарина Райфова (78 кг) менАйбол Нысанали (81 кг) күміс жүлдені еншіледі. Ал Зере Бектасқызы (70 кг),Назгүл Маратова (+78), Сұңғат Закарияев (90 кг), Нұрлыхан Шархан (100 кг) жәнеНұрдәулет Жарылғапов (+100 кг) үшінші орынға көтерілді.

Еске салакетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күні үш алтын алғанын жазғанболатын.

Турниржеңімпаздарына 100, күміс жүлдегерге 60, қола медаль иегеріне 40 ұпай беріледі.

Соңғы жаңалықтар