АСТАНА. ҚазАқпарат -Германияның Бремен қаласында өткен халықаралық додада жас дзюдошыларымыз 5 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Әлемнің 25 елінен 1 мыңнан астам татами шебері қатысқан турнирде Қазақстан дзюдошылары бір «алтын», екі «күміс» және екі «қола» еншіледі.
Алтын медальды 55 келі салмақта сынға түкен балуанымыз Дәурен Сүйкенов жеңіп алды. Ал қос «күміске» 55 келіде белдескен Қуаныш Жақсылық пен 100 келіде ел намысын қорғаған Еркебұлан Абдулла қол жеткізді.
Екі қола медальға Қайырберді Айдынбай (55 келі) мен Жасұлан Отарбек (60 келі) ие болды.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.