«Қорытынды күнде Ермек Имамбековтің командасы тағы үш медаль еншіледі. Самат Есен (90 келі), Әзиз Қалқаманұлы (90 келі) және Ержан Шынкеев ( 100 келі) қола медаль жеңіп алды. Қазақстандық татами шеберлерінің еншісіне 6 медаль бар», - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, Еуропа кубогының алтын медалін 73 келіге дейінгі салмақ санатында белдескен Азамат Мусин жерлесі Сергей Лимды жеңіп алған болатын. Ал 66 келі салмақ санатында ел намысын қорғаған Елдос Сметовтің қанжығасында қола медаль бар.