Қазақстандық дзюдошылар Грузиядағы Гран-придің бірінші күнінде екі «қолаға» ие болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Грузиядағы «Grand Prix» сериясының халықаралық турниріне 67 елдің өкілдері қатысып жатыр. Қазақстандық құрама турнирдің алғашқы күнінде екі қола медальға қол жеткізді.

Үшінші орынға Галбадрах Отгонцецег және Жансая Смағұлова ие болды.

Бүгін келесі салмақ дәрежелеріндегі спортшылары күш сынасады. «Kazsport» телеарнасында тікелей эфир сағат 19.00 басталады.

Турнирдің бірінші күнінің қорытындысы бойынша Қазақстан екі қола медалімен сегізінші орында.