Қазақстандық дзюдошылар Словенияда өткен турнирде он медаль алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Словенияның Градек қаласында Турпал-Али Кадыровты еске алуға арналған халықаралық турнирдің бірінші күнінде Қазақстан құрамасының дзюдошылары 10 медальға ие болды.

Бұл туралы «Дзюдо федерациясы» РҚБ баспасөз хатшылығынан хабарлады.

1 орын - Кәмила Берлікаш ( 70 кг)
1 орын - Нұрсұлтан Манарбекұлы (34 кг)
2 орын - Әбдусамат Бақыт (50 кг)
2 орын - Жәнібек Тельман (55 кг)
2 орын - Нұрзат Сәлімбаев (60 кг)
2 орын - Данияр Әшімхан (66 кг)
3 орын - Меруерт Сарсенова (52 кг)
3 орын - Бақытжан Абдурахманов (66 кг)
3 орын - Сұлтан Серікбай ( 90 кг)
3 орын - Санжар Жабборов ( 90 кг)