Қазақстандық дзюдошылар Ташкенттегі Әлем кубогында жеті медальді жеңіп алды

None
ШКЕНТ. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Қазақстандық спортшылар Ташкентте өткен дзюдодан Әлем кубогында жеті медальді жеңіп алды.

«Өзбекстан» әмбебап спорт сарайында екі күн бойы 26 елден 200-ден астам спортшы белдесті. Жарыс бағдарламасында ерлер арасында 60, 66, 73, 81, 90, 100, 100-ден жоғары келі, әйелдер арасында - 48, 52, 57, 63, 70, 78-ден жоғары келі салмақ санаттары бойынша медальдар сарапқа салынды.

Қазақстандық командада 20-дан астам дзюдошылар болды. Финалдық жекпе-жектердің қорытындысымен Елдос Сметов (60 кг) және Сергей Лим (66) «алтынды», Келбет Нұрғазина (52 кг) мен Ленария Мингазова (57 кг) - «күмісті», Зарина Әлдікова (63 кг) мен Гүлжан Иссанова (78 кг-ден жоғары) және Мариам Ордабаева (70 кг) «қоланы» еншіледі. Қазақстанның басқа өкілдері өз салмақ санаттарында күштілердің сегіздігі қатарына енді.