Қазақстандық екі боксшы WBC және WBO белбеуін жеңіп алды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қазақстандық боксшылар танымал MTK Global промоутер компаниясының алтын келісімшартын жеңіп алу үшін өзара бақ сынасты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz ресурсына сілтеме жасап.

Турнирде алғашқы жеңісті Торғынбек Әміров (3-0, 0 КО) қанжығасына байлады. Ол төрешілер шешімімен Әлімжан Тұрсыновтан басым түсті.

Ал «Алтын келісімшарттың» екінші иесі - Нұрбол Сұлтанбай (4-0, 1 КО) . Ол финалда Мирас Ертановты ұтты.

Әміров пен Сұлтанбай келісімшарттан бөлек, екі чемпион белбеуін жеңіп алды. Олар - WBC (ABC Silver) және WBO Asia Pacific.

Торғынбек Әміров екінші жартылай жеңіл салмақта екі титулды біріктірсе, Нұрбол Сұлтанбай бірінші орта салмақта қос титулға ие болды.