НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық Дәурен Сүйеукенов пен Есет Қуанов Қазанда өтіп жатқан дзюдодан әлемдік Grand Slam турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Татарстанның астанасы Қазан қаласында дзюдодан өтіп жатқан әлемдік Grand Slam турнирінде Дәурен Сүйеукенов 60 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін чехиялық Дэвид Пулкрабекпен татамиге шығып, жеңіске жетті. Бұл - жас дзюдошының осындай айтулы жарыстағы алғашқы табысы.
Тағы бір қазақстандық Есет Қуанов 66 келіге дейінгі салмақта қола жүлдеге ілікті. Ол грузиялық балуанды иппон әдісімен таза жеңді. Осылайша жарыстың бірінші күні Қазақстан құрамасының қоржынына қос қола жүлде түсті.
Grand Slam турнирі одан әрі жалғасуда.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан құрамасының Қазанда Grand Slam турнирінде өнер көрсететінін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).