Қазақстандық Дінмұхаммед Қошқар 67 кг-ға дейінгі салмақта әзербайжандық балуан Канан Абдуллазадемен кездеседі.
97 кг-ға дейінгі салмақта өнер көрсететін тағы бір қазақстандық спортшы Юсуф Мациев те жартылай финалға шықты. Ол қырғызстандық балуан Нұрманбет Раймалыұлымен белдеседі.
Софиядағы жарыста қазақстандық спортшылар осыған дейін әйелдер күресінен екі «қола» алған болатын.