Қазақстандық екі спортшы шаңғы жарысында іріктеуден өтті - Ванкувер

bsp; Ақпанның 18-і. ҚазАқпарат - Ванкувер Олимпиадасында қазақстандық екі спортшы шаңғы жарысында іріктеу сынынан сәтті өтіп, келесі кезеңге жолдама алды.

Sports.kz сайтының ақпараты бойынша, ширек финалда өнер көрсететін үздік 30 шаңғышыны анықтауды мақсат еткен бұл іріктеуде біздің төрт шаңғышымыз қатысты. Солардың ішінен ақмолалық Николай Чеботько мен шығысқазақстандық Алексей Полтаранин тәуір нәтиже көрсетіп, ширек финалға жолдама алды.

Ал Сергей Черепанов (ШҚО) көмбеге 48-ші болып, оның командаласы Евгений Кошевой (Ақмола облысы) 51-ші болып келді.