АСТАНА. ҚазАқпарат – Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жас және одан кіші жастағылар арасында жаңартылған әлемдік рейтингіні жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Аружан Сағындықова 77-орынға орнықты.
Аружанды өкшелеп келе жатқан Сандуғаш Кенжебаева 79-дан 78-ге көтерілді.
Жанель Рүстемова 147-орында болса, бірден 49 сатыны артқа тастаған Дана Байдәулет әлемнің 167-ракеткасы атанды. Еркежан Арыстанбекова 193-інші, Айя Нұпбай 211-сатыда ( 47) тұр. Өткен аптамен салыстырғанда, Асылжан Арыстанбекова ( 10, 213-ракетка) мен Іңкәр Дүйсебай ( 33, 459-ракетка) да өз көрсеткіштерін жақсартты.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық теннисшілердің Швейцариядағы жарыстың ширек финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).