Осы ұшырылымға экологиялық сүйемелдеу жасайтын «Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК жұмыс тобы тасығыш зымыранның қапталды блоктары құлайтын орынның географиялық координаттарын анықтаған. Барлық қапталды блоктар Қарағанды облысының Ұлытау ауданында ораналасқан Ю-25 (РП - 16, 49) аймағына келіп түскен, деп атап өтті «Ғарыш-Экология» басшысы.
Қазіргі таңда «Ғарыш-Экология» ҒЗИ» РМК қызметкерлері «Союз-ФГ» ТЗ қапталды блоктары құлаған орындардағы қоршаған орта нысандарына экологиялық тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.