Қазақстандық Эльбрусқа жылдамдықпен шығудан жеңімпаз атанды

НАЛЬЧИК. ҚазАқпарат-ТАСС - Қазақстандық Шыңғыс Бейкашев Red Fox Elbrus Race - 2019 халықаралық экстремалдық спорт фестивалінде Эльбрусқа жылдамдықпен шығудан жеңімпаз атанды, деп хабарлады ТАСС.

Фестиваль директоры Евгений Колчановтың айтуынша, Шыңғыс Бейкашев 3 сағат 33 минут 54 секундта жеңіс мәресіне жеткен. Екінші болып Евгений Марков (3:39:54), үшінші болып ресейлік Виталий Шкель (3:43:31) келді.

Әйелдер арасында шыңды Қырғызстан өкілі Анна Оглоблина (4:20:48), екінші - ресейлік Наталья Руденко (4:27.49), үшінші болып ресейлік Елена Рухляда (4:30.14) бағындырды.

«Азау алаңы - Эльбрустың батыс шыңы» бағытының қашықтығы 12 шақырымды құрайды. Жарысқа 20 елден 250 экстремал спортшы қатысты.