Қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева жасөспірімдер Гран-приі минскілік кезеңінде мәнерлеп сырғанаудан жекелей турнирде қысқа бағдарламаның көшбасшысы

АСТАНА. 26 қыркүйек. ҚазАқпарат - Бүгін Минскіде (Беларусь) мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер Гран-приінің бесінші кезеңі басталды, деп хабарлады Sports.kz.

Жекелей турнирде қазақстандық Элизабет Тұрсынбаева 53,22 баллмен көш бастады, екінші орында - американдық Полина Эдмундс (52,49),. Үшінші орында ресейлік Наталья Огорельцева (51,79).

Мәнерлеп сырғанау. Жасөспірімдер Гран-приі. Бесінші кезең. Минск (Беларусь)
Жасөспірімдер. Қысқа бағдарламадан кейін.

1. Элизабет Тұрсынбаева (Қазақстан) - 53,22

2. Полина Эдмундс (АҚШ) - 52,49

3. Наталья Огорельцева (Ресей) - 51,79.