Қазақстандық Ербол Хамитов парашаңғыдан әлем чемпионы атанды
00:08, 25 Қаңтар 2023
АСТАНА. ҚазАқпарат – Швецияның Эстерсунд қаласында парашаңғы мен парабиатлоннан өтіп жатқан әлем чемпионатында қазақстандық Ербол Хамитов жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Ербол Хамитов парашаңғыдан спринт қашықтығында 2:44,23 нәтижемен алтын медаль жеңіп алды.
Украиналық Тарас Рад мәре сызығын екінші болып қиса, бразилиялық Кристиан Вестмаер Рибейра қола жүлдеге ие болды.
Бұл – Ербол Хамитовтің осы біріншіліктегі екінші жүлдесі. Ол әлем чемпионатының алғашқы күні парабиатлоннан қола жүлдеге қол жеткізген еді.
Фото: instagram.com/csp_parasport.kz