АСТАНА. ҚазАқпарат – 16-24 қыркүйек аралығында Сербия астанасы Белградта еркін күрестен әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, бұл дүниежүзілік дода 2024 жылғы Париж олимпиадасы алдындағы алғашқы лицензиялық турнир болмақ.
Еркікн күрестен Қазақстан құрамасы аталмыш жарысқа толық құрамда қатысады.
Атап айтқанда, мына балуандар ел намысын қорғайды:
Мейрамбек Қартбай (57 кг),
Өсімжан Дастанбек (61 кг),
Әділ Оспанов (65 кг),
Санжар Досжанов (70 кг),
Нұрқожа Қайпанов (74 кг),
Болат Сақаев (79 кг),
Азамат Дәулетбеков (86 кг),
Ризабек Айтмұхан (92 кг),
Әлішер Ерғали (97 кг),
Юсуп Батырмурзаев (125 кг).
Аталған балуандардың ішінен А.Дәулетбеков, Ә.Ерғали және Ю.Батырмурзаев Азия ойындарында да бақ сынайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын жазғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын балуандар анықталғанын жазған едік.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).