sk-sport.kz сайтының хабарлауынша, 1000 метрлік аралықта төрттік-байдаркамен Дәулет Сұлтанбеков, Илья Голендов, Андрей Ергучев және Юрий Березинцев 2 минут 57.785 секунд уақытпен екінші келді. Ал ең үздік уақытты (2 мин 56.735 секунд) польшалық спортшылар көрсетті. Үшінші орынға әлім біріншілігінің қожайындары тұрақтады.
«Әрине, әрдайым бұдан да жоғары жетістіктерді қалап тұрасың, дегенмен бұл біздің ең алғашқы әлемдік дәрежедегі медаліміз, сондықтан біз шексіз қуаныштымыз. Бұрын біз мұндай деңгейдегі чемпионатын тек армандаушы едік», - деп атап өтті Илья Голендов.
Айта кетейік, студенттер арасындағы әлем чемпионаты бүгін бітеді. Жарысқа 22 елдің 250 спортшысы қатысуда.