Көрмеге 5 қазақстандық фармацевтикалық өнімді өндіруші: «Dolce» ЖШС, «Planta» ЖШС, «Juldyz Kenan Co.LTD» ЖШС, «ТК ФАРМ АКТОБЕ» ЖШС және «Химфарм» АҚ қатысады.
Осы іс-шара шеңберінде UNDP, БҰҰ, USAID, OCHA сияқты және басқа да көптеген халықаралық гуманитарлық ұйымдар үшін отандық фармацевтикалық өнімнің таныстырылымы жоспарланып отыр.
Көрме жұмысы барысында Қазақстанның Сыртқы сауда палатасының өкілі Ануар Бейсеков: «MedExpo Yug Орталық Азияның барлық өңірінен импорттаушылар мен сатып алушыларды жинап жатыр, бұл қазақстандық компанияларға қырғыз сатып алушыларымен байланыс орнатып қана қоймай, өз өнімін басқа елдерге экспорттауға мүмкіндік береді», - деп атап өтті.