Жекпе-жек 6 мамырда Американың Техас штатындағы Арлингтон қаласында өтеді.
«Бопайдың» қарсыласы - бразилиялық спортшы Ларисса Пачеко.
Бұл - қазақстандық бойжеткеннің АҚШ-тағы алғашқы айқасы.
Қос спортшы жеңіл салмақ категориясында өнер көрсететін болды.
Зәмзәгүлдің салмағы - 69,58 кг, оның қарсыласыныкі - 70,48 кг.
Айта кетейік, Professional Fighters League турнирінің әр дивизионындағы жүлде сомасы - 1 млн доллар.
Ол үшін қатысушылар Гран при иегері атануға тиіс.