Феруза Ергешева қытайлық Ло Вэйге 4:5 есебімен ұтылып қалып, екінші орынға табан тіреді.
Медальдік есепте Қазақстан 8 орында тұр. Біздің құраманың активінде 31 медаль бар, олар: 4 алтын, 9 күміс және 18 қола медаль. Қытай 249 жүлдемен алда келе жатыр, оның 129-ы алтын медальдар. Екінші және үшінші орындарда Оңтүстік Корея (143-50) мен Жапония (129-26) тұр.