2007 жылы құрылып, жыл сайын өтетін Asia Pacific Screen Awards Азия-Тынық мұхиты киносыйлығының «Үздік фильм» номинациясына Әділхан Ержановтың «Әлемге жылы бейжайлық» («Ласковое безразличие мира») картинасы ұсынылған.
Сонымен қатар, режиссер «Үздік шынайы сценарий» номинациясы бойынша да бақ сынамақ.
Бұл байқауда Азия-Тынық мұхит аймағының фильмдерін, актерлерін, режиссерлерін және мәдениетін марапаттау және ілгерілету көзделген.
Жеңімпаздарды халықаралық қазылар алқасы анықтайды. Фильмдер кинематографиялық шеберлік бойынша және ұлттық, мәдени құндылықтардың көрініс табуы бойынша бағаланады.
Биыл аталмыш байқауға 22 елден 46 фильм қатысады.
Олжас Омарбек