Қазақстандық фильм Германия СІМ-інен сыйлық алды
14:04, 18 Сәуір 2014
АСТАНА. ҚазАқпарат - Серік Апрымовтың «Бауыр» фильмі Германияның Сыртқы істер министрлігінен (Preis des Auswärtigen Amtes) бағалы сыйлық пен 4000 еуро ұтып алды. Жүлде 14-ші Орталық және Шығыс Еуропа кинофестивалінде табыс етілді. Бұл туралы «Қазақфильм» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.
9-15 сәуір аралығында өткен фестивальдің негізін 2001 жылы Неміс киностудиясының директоры Клаудия Диллманн қалаған болатын. Фестивальдің бас жүлдесі - «Алтын лалагүл» режиссер Павел Павликовскийдің (Польша, Дания) «Ида» фильміне берілді. Леван Когуашвили (Грузия, Украина) «Свидания вслепую» фильмі үшін ең үздік режиссура аталымы бойынша жеңіске жетті.