Қазақстандық Фируза Шаріпова кәсіпқой рингте үшінші жеңісіне қол жеткізді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық былғары қолғап шебері Фируза Шаріпова (3-1, 1 КО) ресейлік Юлия Чернобородованы (0-1) «Арена Балашихада» өткен бокс кешінде жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.

Төрешілер бірауыздан жеңісті Шариповаға берді. Осылайша жерлесіміз үшінші рет кәсіпқой бокста жеңіске жетіп отыр.