АСТАНА. ҚазАқпарат - Фристайлдан Қазақстан әйелдер құрамасының үздігі Юлия Галышева бүгін Жапонияның Тазавако қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдені қанжығасына байлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Отандасымыз күміс жүлдеге фристайлдың параллельді могул түрінен ие болды. Бұл жүлде оның биылғы Әлем кубогы кезеңдеріндегі алғашқы жетістігі.
Сайыстың бұл түрінен бас жүлде мен «қола» америкалық спортшылар Джейлин Кауфқа және Оливия Джиаджиоға бұйырды.
Аталмыш бәсекеде ерлер де сынға түскен болатын. Алайда, жігіттеріміздің бірі Дмитрий Рейхерд жүлделі орынға бір табан жақындағанымен, төртінші орынды қанағат тұтты. Бас жүлде мен күміс медальді канадалық спортшылар Майкл Кингсберри мен Бенджамин Кавет жеңіп алды. Ал үздік үштікке австриялық спортшы Мэтт Грэхэм қол жеткізді.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.